«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төраға қызметіне Рақымбек Қуатбекұлы Жолаев тағайындалды.
Рақымбек Қуатбекұлы бұған дейін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Еңбек жолын 2000 жылы дарынды балаларға арналған мектепте оқытушы болып бастаған. Кейінгі жылдары Астана, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Жезқазған, Қарағанды қалаларындағы дарынды балаларға арналған мектептерде директор орынбасары және директоры лауазымдарында болған.
2012-2014 жылдары Кэмбридж университетінде (Англия) «білім беру ісін басқару» мамандығы бойынша тағылымдамадан өткен.
2014 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласының КазГЮУ университетінің «Жалпы білім беру және тілдік даярлық жоғары мектебі» факультетінің деканы және тәрбие ісі жөніндегі проректоры лауазымын атқарды.
2018 жылдары Астана Халықаралық университетінің вице-президенті болып қызмет етті.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», «Білім беру ісінің үздік қызметкері» төсбелігілерімен марапатталған.
Рақымбек Қуатбекұлы «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төраға қызметінде Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі, облыстық әкімдіктер, сонымен қатар, республикадағы үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдармен бірлескен үлкен жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов мырза және бірлестік ұжымы саналы да білімді ұрпақ, сапалы отбасы және оның құндылықтары жұмысын үйлестіру міндетін атқару жолында жемісті еңбек ететініңізге сенім білдіреді.
Еліміздің жарқын болашағы жолындағы еңбегіңіз жана берсін!
