03.06.2023
БЕС ТОМДЫҚ ЖИНАҚ МӘШҺҮР ЖҮСІП АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы алғашқы болып Мәшһүр Жүсіп атындағы музейіне табысталды.

«Сенімен Болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов Баянаул ауданы Жаңажол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырымдағы Ескелді жерінде орналасқан Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барып, зиярат етті. Кесене жанында орналасқан Мәшһүр Жүсіп атындағы музейіне кеше ғана тұсауы кесілген бес томдық таңдамалы шығармалар жинағын табыстады.