11.04.2022
БІРЛЕСТІК ФИЛИАЛЫ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Нұр-Сұлтан қаласында «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің филиал басшыларына арналған семинар ұйымдастырды.
Екі күнге жоспарланған семинар «Саналы ата-ана болу өнері» деп аталды. Шарада белгілі психологтар Ержан Мырзабай мен Елжас Ертайұлы саналы ата-ана болу туралы білімдерімен бөлісіп, кәсіби коуч Қарлығаш Жақсыбаева ұжымда корпоративтік мәдениет, саналы ата-ана болудың ерекшеліктеріне, сторителлингтың қыр-сырын түсіндірді.
Семинар барысында филиал басшылары бүгінге дейін атқарған жұмыстарына тоқталып, алға қойған жоспарларын айтты.
Біздің галерея