СЕНІМЕН БОЛАШАҚ
Біз - саналы ата-ана трендсеттеріміз.
Жұмыс бағытымыз - бала мен ата-ана қарым-қатынасы.
Біз - 16 өңірді қамтитын 16 филиалмыз.
Біз - саналы ата-ана идеясын бірауыздан қолдайтын 143 мың әке мен анамыз.
Біз - өскелең ұрпақтың тәрбиесінде ата-анаға қолдау көрсететін 64 қызметкер мен 250 сарапшымыз.
Біз - діннен, тілден, саясаттан тыспыз.
Біз - заманға сай саналы ата-анаға қатысты сауалы бар жандарды біріктіреміз.
Біз - “Бала - біздің болашағымыз”, “ Баланың бөтені жоқ” доктринасы аясында ұжымдық жауапкершілікті нығайтамыз.
Біз - ата-аналардың жаңа идеяға, жаңа серпіліске, жаңа бастамаға құлшынысын оятамыз.
Біз - “Тектілер ту көтереді” бастамасы арқылы Қазақстандағыазаматтық белсенділіктің жаңа үрдісін қалыптастыруға атсалысамыз.
БІЗГЕ 3 ЖЫЛ және БІЗ АЛҒА ҚАДАМ БАСА БЕРЕМІЗ!
СЕНІМЕН БОЛАШАҚ - СЕНІМДІ БОЛАШАҚ!