30.11.2021
БУЛЛИНГ – ҰРЛЫҚПЕН ТЕҢ

Бүгінде балалар мен жасөспірімдер  арасында буллинг яғни кемсіту, шеттету, қорлау жағдайлары аз кездеспейді. Өкінішке қарай, бұл мәселеге қоғамның көзқарасы бір жақты болып келеді. Ата-аналар мен ұстаздардың көпшілігі буллингті қалыпты ахуал санап, оқушының психологиялық саулығына мән бермей жатады. Оның соңы қылмысқа, суицидке апарып соғуы мүмкін.

Қоғамдағы осы өзекті мәселенің алдын алу мақсатын көздеген «Береке» қоғамдық бірлестігі,  «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығы» мен «Otbasy academy» бірлестіктері бірігіп, «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ-нің қолдауымен «Ел ертеңі – жас ұрпақ» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыруда.

Бүгін бағдарлама аясында «Түркістан облысы ата-аналар» форумы өтті. Ауқымды шарада Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек  Жолаев модераторлық етіп, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Нүркен Асанов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Zoom арқылы байланысқа шыққан Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гульмира Райымбекқызы баланың білім алу жағдайларын жақсарту, еліміздің ең үлкен инвестициясы бәсекеге қабілетті жас ұрпаққа тәлім беру баршамыздың ортақ мақсатымыз екенін атап өтті. Бұл мүддені жүзеге асыруды тек ата-ана мен ұстазға артып қоймай Білім және ғылым министрлігі де қолдау танытып келеді.  «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бірлесе «Бала – ата-ана – ұстаз» деген тұжырымдама жаңа форматта жұмыстар жүзеге асып жатқанын айтты. 

Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөнінідегі өкілі Ерарыс Жолбарыстың айтуынша ағымдағы жылы Түркістан облысы көлемінде жасөпірімдерге қарсы бағытталған 223 қылмыс тіркелген, оның ішінде 86 қылмыс жыныстық зорлық-зомбылық бойынша жасалған. Бүгінде  бала тәрбиесінде ата-аналар жауапкершілігін арттыру маңызды. Күйбен тірліктің қамымен ата-аналары жұмысқа кетіп, қараусыз қалып жатқан балар қатары көбеюде. 

Мектептердегі буллинг бұл жасына және мектебіне қарамастан баларларға әсер ететін өте күрделі мәселе. Статаистика бойынша, Қазақстандағы балалардың 66 пайызы мектептегі зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болса, 44 пайызы мектепте зорлық-зомбылық құрбаны болады, 24 пайызы мектептен басқа мекемелерде зорлық-зомбылық әрекеттері жасалады екен. Буллингтің салдарынан балалар түрлі қиындықтарға тап болып, мектепке бару қорқынышты және ауыр болғандықтан сабаққа қатыспауы мүмкін, сондай-ақ баланың өзін-өзі бағалауы төмен депрессияға әкеледі. Бұл проблеманың алдын алу үшін  қоғамның барлық мүшесі  үнсіз қалмауы  қажет.  Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ.

Іс-шара спикерлері:
Гульмира Райымбекқызы
Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы
Zoom арқылы байланысқа шыққан
Ерарыс Жолбарыстың
Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөнінідегі өкілі
Сөз сөйледі
Мақсаты мен міндеттері:
  • Қоғамдағы осы өзекті мәселенің алдын алу
Форумнан видео