15.01.2024
Қазақстандық тәрбие моделі: Саналы ата-ана болуға бағыттайтын әлеуметтік жобалар

Үш жылға жүық нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан «Сенімен болашақ» РҚБ ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің бас медиа алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.

Тақырыбы: «Қазақстандық тәрбие моделі: саналы ата- ана болу жөніндегі әлеуметтік жобалар».

Баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдеріне бірлестік төрағасы Жансая Бердімұрат саналы ата-ана болу жауапкершілігін арттыруға, отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаларды таныстырды.

Бірлестік жанынан құрылған сарапшылармен, әр өңірлегі филиал қызметкерлерімен ақылдаса келе әзірленген жобалардың мақсаты айқын – еліміздің әр өңіріндегі қолайлы әлеуметтік экожүйені қалыптастыру, әлеуметтік шиеленісті төмендету және саналы ата-ана болудың қазақстандық моделін дамытуда үздік тәжірибелер мен кейстерді пайдалану.

Өз зерттеулерінің және басқа да қазақстандық зерттеу институттарының жарияланымдарының негізінде, «Сенімен Болашақ» РҚБ, 2023-2024 жылдары жұмысын 10 тақырыптық бағытқа шоғырландырып отыр:

- Репродуктивті денсаулық

- Буллинг пен кибербуллингке қарсы тұру

- Мектептер мен ата-аналар арасындағы тиімді ынтымақтастық

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

- Отбасын сақтау және ажырасудың алдын алу

- Отбасылық құндылықтарды насихаттау және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу

- Саналы ой-сезім пен қысылтаяң жағдайларға төзімділік дағдыларын дамыту

- Тұлғалық даму

- Құмар ойындармен және оларға тәуелділікпен күресу

- Суицидтің алдын алу