12.09.2021
«Толағай – 2021» отбасылық сайысы
Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні мерекесі аталып өтіледі. Осыған орай «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Толағай – 2021» отбасылық спорттық сайысы Қазақстан бойынша мектептерде ұйымдастырылды.
Мақсат – салауатты өмір салтын ұстана отырып, отбасылық құндылықтарды, әке мен ананың қоғамдағы рөлін айқындау және ұжымдық бәсеке арқылы әке, шеше мен бала арасындағы байланысты нығайту. Сайысқа қатысқан әрбір жанұя ұйымшылдық танытып, доданың қызықты әрі тартысты өтуіне атсалысты.
Біздің галерея
Форумнан видео