26.07.2024
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ҚОҒАМДЫ ӨЗГЕРТУГЕ ҚАЛАЙ ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛАДЫ?

Апта басында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық  бірлестігі  Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп «Әлеуметтік серіктестіктің  тиімді тетіктері» атты республикалық семинар өткізді. 

Іс-шараға «Сенімен Болашақ» РҚБ өңірлік филиал директорлары, Қазақстанның Азаматтық Альянсының өңірлік көшбасшылары, сондай-ақ өңірлік әкімдіктердің ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысты.

Кездесуде азаматтық сектор қызметіне қатысты жан-жақты ауқымды мәселелер талқыланды. 
«Сенімен Болашақ»  Төрағасы Жансая Бердімұрат Бірлестік жұмысындағы сәтті тәжірибелермен бөлісіп,  бұл кейстер қоғам болмысын жақсы жағынан өзгертуге ықпалды екенін жеткізді. 

Төраға сондай-ақ осы жылы қолға алынған өңірлік 10 әлеуметтік жобаға тоқталды. 

Бірлестік қағидатын тарататын «ТЕКТІЛЕР ТУ КӨТЕРЕДІ» манифесінің өз деңгейінде орындалуы елдегі азаматтық белсенділіктің жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.

Қоғамның оң өзгерісінің трендсеттері ретінде біз өз моделімізді ұсына аламыз.

БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙЫҚ!