12.04.2024
«Сенімен болашақ» Мәшһүр бабамыздың батасын мәңгілікке қалдырды

«Сенімен болашақ» Мәшһүр бабамыздың батасын мәңгілікке қалдырды

Қазақ халқының біртуар тұлғасы, еліміздің Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жылдығына орай ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жас Қанышқа берген батасы жазылған монумент ашылды.

Бұл белгітас «Сенімен болашақ» РҚБ құрылтайшысы, идея авторы, қоғам қайраткері Нұркен Асановтың қаржысымен жасалынды. 

Қоғамды ізгілендіру жолында үш жылдан астам толымды еңбек етіп келе жатқан бірлестік бұған дейін Мәшһүр бабамыздың бес томдық шығармаларын академиялық өңдеумен қайта шығарып, халыққа паш еткен болатын. 

Қоғамға береріміз таусылмасын! Құндылықтарымызды насихаттау мен ұлыларымызды ұлықтау жалғасын таба берсін!