14.03.2022
ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ БІРГЕ ТӘРБИЕЛЕЙІК!

Қызылорда қаласында ұйымдастырылған «Ата-ана – ұстаз – оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты форум аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен екі жақты меморандумға қол қойылып, әріптестікке қадам жасалды. «Сенімен болашақ» РҚБ төрағасы Рақымбек Жолаев пен университет ректоры, профессор Бейбіткүл Сарсемханқызы Кәрімова екіжақты меморандум аясында бірлесіп, саналы ата-ата тұғырнамасын қалыптастыруда бір-біріне көмек көрсететіндігін атап өтті. Меморандумның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру саласында адами капиталды дамытуға ықпал ету болып табылады.