Тараз қаласында өткен «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ата-ана – ұлттың ұясы» атты оңтүстік аймақтық ата-аналар форумында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының ата-аналары мен ұстаздары бас қосты.
Форум өз жұмысын қызықты, мазмұнды, мағыналы ашық диалогтық платформада өткізді. Басқосу барысында мамандар бала табиғатын түсіну, оның бойындағы ерекшелігін көре білу, ынталандырып отыру, жасөспірім кезеңіндегі қиыншылықтары мен мәселелеріне тоқталып, пікір алмаса отырып талдады. Бүгінгі таңда жанұяларда туындайтын негізгі мәселелерді зерттеп, шешу жолдарын ұсынып жүрген педагог-коуч Ғалымбек Бермағанбетов, отбасылық қарым-қатынас маманы Жасұлан Сейтқалиев, педагог-профориентолог Нариман Утеубаев білімдерімен бөлісті. Олар отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта екенін айта отырып, жанұяда белгілі дәстүрлер, жағымды өнегелер мен рухани құндылықтар болуы керектігін атап өтті.
Пленарлық отырыста модератор ретінде сөз алған бірлестіктің төрағасы Ғалымбек Бермағанбетов бірлестіктің атқарып жатқан елеулі еңбегін айта келе, алдағы уақытта да тың мақсаттың тұрғанын жеткізді.
Бала тәрбиесінде ата-аналардың писихологиялық-педагогикалық білімі мен біліктілігін арттыруды көздеген форумға «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Нұркен Асанов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Әлімбек Жұмабаев, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаев қатысып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу жолында нақты ой-ұсынастарын білдірді.
- Бала тәрбиесінде ата-аналардың писихологиялық-педагогикалық білімі мен біліктілігін арттыру