19.05.2025
ТӨРАҒАНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Сенімен Болашақ» РҚБ төрағасының орынбасары болып Шәкизат Қаратайұлы тағайындалды.

Бұған дейін Шәкизат Қаратайұлы бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалы басшысы қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2017 жылы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып бастаған, кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер Кәсіподақ комитетінің төрағасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, облыстық Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының басшысы болған.

Нәтижелі еңбегінің арқасында Шәкизат Қаратайұлы «Самғау» жастар сыйлығы мен «Үздік жас педагог» медалінің иегері. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоақаевтың Алғыс хаты және Екі мәрте Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, сонымен қатар түрлі деңгейдегі республикалық, облыстық марапаттардың иесі.

«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шәкизат Қаратайұлына онан әрі де бірлестік миссиясын жүзеге асыруда зор үлес қосады деп сенім білдіреді.

#сеніменболашақ #senimenbolashaq #тағайындау #назначение #саналыатаана #атаана #балатәрбиесі #отбасы #ана #әке #бала #қоғам #отбасықұндылығы #тәлімтәрбие #бақыттыотбасы#осознанныйродитель #родитель #воспитаниедетей #семья #мама #папа #ребенок #общество #ценностьсемьи #счастливаясемья

ТӨРАҒАНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ