#Атырау
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық  филиалының басшысы облыс және қала әкімінің орынбасарлары Нариман Тауышов пен Самат Ембергенмен кездесті. Кездесу барысында Гүлфия Абайқызы бірлестіктің бүгінге дейін атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарларын бөлісті. Өз сөздерінде облыс және қала әкімінің орынбасарлары бірлестік жұмысының маңыздылығына тоқталып, өңірде саналы ата-аналар қауымдастығын қалыптастыруда бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстарына қолдау білдіретіндігін айтты.

Гүлфия Жәрдемова ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыруда ата-аналармен және жас отбасылармен жұмыс жасаудың маңыздылығына да тоқталды.

04.04.2022
#Атырау
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ