#Атырау
БІРЛЕСЕ КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Бірлестіктің Атырау облыстық филиалында белсенді ата-аналармен диалог алаңы өтті.

Белсенді ата-аналар құрамын құру мақсатында өткен жиында әр қатысушы ой-пікірімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстармен танысты. Бала бақытты болуы үшін, алдымен ана бақытты болуы керек. Сондықтан әр ана артылған жауапкершілікті түсініп, абройлы атқаруы үшін қолдау қажет. Бірлестік аналарға психологиялық және педагогикалық тұрғыда көмек беріп, білімін жітілдіруге атсалысады.  

Жиында қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру жолында өз үлесін қосамын деген белсенді ата-аналардың қатары көп болды.

05.02.2023
#Атырау
БІРЛЕСЕ КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ