ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ДЕП НЕНІ ТҮСІНЕМІЗ?
НЕМЕСЕ БІЗДІҢ «ТЕКТІЛЕР ТУ КӨТЕРЕДІ» ИДЕЯСЫНЫҢ ТҮПКІ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?
1. ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ЖОҒАРЫ БАСТАМАШЫЛДЫҒЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІ
Кейбір шешілуі тиіс мәселелер мемлекеттік құрылымның назарынан тыс қалып жатады, ал азаматтық қоғам бастама көтеріп, бұл мәселенің тиімді шешілуіне жол ашады. Сондай-ақ азаматтық қоғамның әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруға қабілеті зор.
2. АЗАМАТТАРДЫҢ ТҮЙТКІЛДІ ЖАЙТТАРДЫ ШЕШУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ МЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ
Қатысқан және қызығушылық танытқан азаматтар маңызды және түбегейлі өзгерістерге оң ықпал ете алады. Қоғам өкілдері мәселені шешуде белсенділік танытса, ол ең өзекті деген мәселелерді анықтауға, қабылданған шешімдердің орындалуы мен демократияны нығайтуға көмектеседі.
3. МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ БАРЛЫҚ СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРДІ ТАРТУ
Әлеуметтік мәселелерді кешенді шешу әртүрлі мүдделі тараптардың, соның ішінде үкіметтің, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өзара ынтымақтастығын талап етеді. Барлық мүдделі тараптарды тарту мәселені шешудегі саналуан көзқарасты қамтамасыз етіп, күш-жігердің тиімділігі мен тұрақтылығын арттырады.
4. ЖЕРГІЛІКТІ МӘСЕЛЕЛЕР – ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
Жергілікті мәселелер белгілі бір аймақтың немесе елдімекеннің ерекшелігін ескеретін жеке көзқарасты талап етеді. Әмбебап әдіс жоқ. Шешімдерді жергілікті жағдайға бейімдеу олардың тиімділігі мен орнықтылығын арттыру үшін қажет.
5. ӘЛЕУМЕТТІК ИННОВАЦИЯҒА АРҚАУ БОЛУ
Бұл – біздің басты ұстаным. Біз жаңа мағына ұсынамыз, жаңартамыз. Әлеуметтік мәселелерді шешуде жаңа көзқарас, жаңа тәсіл ұсынамыз.
6. АДАМҒА БАҒДАРЛАНУ ЖӘНЕ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА КӨҢІЛ БӨЛУ
Адамдар мен олардың жақсы ахуалы барлық бастаманың қайнар көзі болуы керек. Өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлу барлық іс-әрекеттер түптеп келгенде салауатты, қауіпсіз және толыққанды өмір сүру жағдайын жасауға бағытталуға тиіс дегенді білдіреді.