#Маңғыстау
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАР

Бірлестіктің Маңғыстау облыстық филиалы №3 мектепте  «Қазіргі жасөспірім және отбасы»  тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесуге филиал психологы Дина Джумабаева, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Аллаберген Қонарбаев қатысты. Кездесу кезінде бірлестіктің ұстанған бағыт-бағдары мен мақсаты айтылды. Тақырыптық лекциясын оқыған  психолог  баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептерін түсіндірсе, қоғамдық кеңестің мүшесі ата-анаға отбасында кітап оқу үрдісін әдетке айналдыру қажеттігі туралы сөз қозғады. Шара соңында ата-аналар көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

03.02.2023
#Маңғыстау
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БАСТЫ ҰСТАНЫМДАР