#Павлодар
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ақсу қаласында орналасқан №1 және №2 орта мектебінің ұстаздарымен кездесу өтті.  

Кезесуге Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс, жастар ісі жөніндегі маман Айбек Сұлтанмұрат, Қыздар білім инновация лицейінің тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Алина Аманкеш, психолог Күнболат Қуаныш қатысып, аймақ ұстаздарымен ой бөлісті.

Бүгінде ұстаздың жаңа қоғамдағы орны оқушының адами тұлға ретінде қалыптасу сапасымен бағаланатыны сөзсіз. Жиын барысында мектеп оқушыларының тәрбиесі, психолоиялық жағдайы, қоғаммен қарым-қатынасы тақырыбындағы мәселелер талқыланды.   

 

30.03.2022
#Павлодар
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ