Наурыз мейрамы – қазақ халқының ең қасиетті әрі ең көне мерекелерінің бірі. Ол жаңаруды, ұрпақтар сабақтастығын білдіреді. Ұлы Далада дәл осы күннен бастап жаңа өмір циклі басталып, өзгерістер орын алып, өкпе-реніштер ұмытылатын. Оның сакралды мәні мен мағынасы мыңжылдықтар бойы сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті.
Наурыз – бір күндік мереке емес, қоғамды біріктіретін тұтас құндылықтар жүйесі. Биыл Қазақстанда мазмұны мен форматы ерекше SenBol Nauryz іс-шарасы үшінші рет өтті. Республикалық қоғамдық бірлестік «Сенімен Болашақ» бастамашы болған бұл шара биыл 12-14 наурыз аралығында Петропавл қаласында, Green Park демалыс аймағында ұйымдастырылды.
Көп жылдар бойы Наурыз мейрамын тойлау формалды сипат алып, оның терең мағынасы уақыт ағымында көмескіленіп қалды. Бұл жағдай халықтың көпғасырлық мәдениеті мен тамырларының бір бөлігінің жоғалуына қауіп төндіруі мүмкін еді. Алайда соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық кодты жаңғырту, рухани жаңару мен өзіндік сананы күшейту үрдісі қалыптасып, Наурыз мерекесіне жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Осы бағытты қолдай отырып, «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі SenBol Nauryz алаңын құрды. Бұл жоба әрбір қазақстандыққа Наурыздың шынайы мәнін сезінуге, жыл басын дәстүрге сай қарсы алуға мүмкіндік береді. Мұнда жасанды сән-салтанат пен сыртқы эффектілер емес, мазмұн мен мән алдыңғы орынға қойылады. Қонақтар тек көрермен емес, мерекенің барлық кезеңіне тікелей қатысушы болады.
«Қазақта «Өзіңді тап – өзегіңе орал» деген терең мағыналы сөз бар. Яғни, өзіңді тауып, түп тамырыңа қайт дегенді білдіреді. Көп жылдар бойы сырттан келген түрлі ағымдар мен философиялар біздің ұлттық кодымызды әлсіретті. Қоғамда өз дәстүріміздің сан түрлі түсіндірмелері пайда болды. SenBol Nauryz идеясының басты мақсаты – бастауға оралу, ұлттық код пен бірегейлік төңірегінде қоғамды біріктіру. Біз ұмыт қалған құндылықтарды қайта жаңғыртып, оны заман талабына сай бейімдеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек», – деп атап өтті идея авторы Нұркен Асанов.
SenBol Nauryz бағдарламасының тұжырымдамасы «Жаңару» және «Әдепті өркениет» құндылықтарына негізделген. Бұл бағыттар қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді заманауи форматта жаңғыртуға және азаматтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Корпоративтік Наурыз қатысушылары үші мазмұнды танымдық бағдарлама: Абылай хан резиденциясына, Мағжан Жұмабаев орталығына экскурсиялар, семинар-тренингтер мен стратегиялық сессиялар ұйымдастырылды.
Мереке таңды қарсы алумен басталды. Бұл жаңа рухани циклдің басталуын білдіретін ерекше сәт. Халықтың бірлігі мен ішкі жаңару процесінің басталуын символдайды
Бағдарлама жалғасында жаңа жылды қарсы алғандағыдай отшашу болды. Бірақ бұл жерде пиротехника емес, қонақтарға шашу шашылады. Бұл – ежелгі қазақ дәстүрі. Әрбір кәмпиттің ішінде «Сенімен Болашақ» бірлестігінен ізгі тілектер жасырылған болады, қатысушылар оларды дауыстап оқиды. Осы символикалық рәсім мерекеге жиналған адамдардың бірлігі мен таза ниетін көрсетеді.
Наурызды қарсы алудың маңызды бөлігінің бірі – қазақы таңғы ас. Бұл дастархан арқылы қонақтар ұлттық тағамдардың дәмін татып қана қоймай, мәдениетпен де тереңірек танысады.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар Tree of Life экологиялық акциясын өткізді. Оның аясында ағаштар отырғызылды. Бұл табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің белгісі ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығының символы.
Мерекелік бағдарламаның тағы бір білім беру элементі – Еңбек шеберханасы. Мұнда қатысушылар бірге түрлі қолөнер түрлерін үйреніп, уақытты пайдалы өткізе алады. Бұл бірлескен еңбек арқылы тәрбиелеудің тиімді тәсілі.
Одан кейін қонақтарды Koje Time – Наурыз көжені бірге дайындау рәсімі күтеді. Жеті түрлі дәм бір қазанға бірігіп, үйлесім тапқандай, әртүрлі көзқарастағы адамдар да ортақ іске жұмылады.
Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі – «Анаға тағзым» рәсімі. Қонақтар ата-анасына алғыс айтып, ақсақалдардың батасын алады. Бұл – үлкенге құрмет пен ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін терең мағыналы дәстүр.
Біз мерекенің символикасына, формасына және түстеріне де ерекше мән береміз. Сол себепті іс-шараның басты символы - Қарлығаш. Бұл ежелден Наурыздың, жаңару мен көктемнің жаршысы саналады. Қазақ мәдениетінде ол отбасы мен шаңырақты қорғаушы киелі құс ретінде құрметтеледі. Наурызда қарлығаштың келуі – қуанышты белгі.
SenBol Nauryz тұжырымдамасындағы негізгі құндылықтар төрт түспен бейнеленеді:
АҚ - Ақ түсті ежелден береке мен байлықпен, тазалықпен, сәулемен, рухани ағартушылықпен, үйлесімділікпен, жаңа бастамамен байланыстырамыз.
КӨК/КӨКШІЛ - Жер бетіндегі барлық нәрсені тіршілікке нәр беретін аспан мен судың түсі. Біз оларды тектілікпен, кеңдікпен, рух бостандығымен, бейбітшілікпен, достықпен байланыстырамыз.
ЖАСЫЛ - Табиғаттың түсі. Жаңарудың, дамудың, ояну және балғындықтың түсі. Жасыл түсті киім арқылы біз жаңару мен дамуге деген ұмтылысты меңзейміз.
ҚЫЗЫЛ - Өмірлік энергия мен ішкі қуаттың символы. Мейрамда қызыл түсті киім кию арқылы біз өмірдің күш-қуаты мен сенімнің беріктігін бейнелейміз.Наурызды осындай жаңа форматта атап өту дәстүрлерді жаңғыртуға, ұлттық және мәдени кодты сақтауға бағытталған тұтас қоғамдық қозғалыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Наурызды осындай жаңа форматта атап өту дәстүрлерді жаңғыртуға, ұлттық және мәдени кодты сақтауға бағытталған тұтас қоғамдық қозғалыс қалыптастыруға мүмкіндік береді.