#Шымкент
ҮШТІК ОДАҚ: МҰҒАЛІМ, ОҚУШЫ, АТА-АНА
Шымкент қаласындағы №133 мектебінің ұстаздарына «Мұғалім шынайы көшбасшы ретінде. Мұғалімнің бейнесі» тақырыбында семинар өтті. Мақсат – мұғалімнің мәртебесін арттыру, баламен, ата-анамен ұтымды қарым-қатынас орнатуға бағыттау.
Бала үшін мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Сондықтан үштік одақтың ынтымағын арттыру маңызды.
Кездесуде бірлестік психологы ұстаздарға ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдарын айтып, бала психологиясындағы ерекшеліктерді айтып түсіндірді.
02.02.2023
#Шымкент
Поделиться
Ұсынамыз