#Шымкент
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДА

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, төл құндылықтар мен жал­пы­адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлт­жанды тұлғаны тәрбиелеу – басты міндет. Осы мақсатта Шымкент қаласындағы Ақпан батыр атындағы №10 мектептің 10-11 сынып оқушыларына «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шара барысында филиал басшысы сөз сөйлеп, қатысушыларға бірлестікті таныстырып өтті. Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ маңызды іс екеніне тоқталды. «Қоғам бұл жұмысқа парасаттылық танытып, байсалдылықпен жұмылуы керек. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, оларды мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – қазіргі таңдағы өмір талабы және қоғам қажеттілігі» - деді Асқар Көпеев.

15.03.2023
#Шымкент
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДА