#Шымкент
НҰРКЕН АСАНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асанов халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Биыл аса көрнекті қаламгер, ағартушы, педагог, журналист Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына 135 жыл толуда. Соған орай жер-жерде мазмұнды, тағылымды, тәлімді іс-шаралар көптеп өтуде. Сол шаралардың бірі бүгін Шымкент қаласында Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өтті.

«Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытұлының рухани мұрасы: ұлттық идея, мәдениет және көркемдік құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында мемлекет және қоғам кайраткерлері, министрлер, қала әкімі, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері болды.

Ауқымды жиынға Нұркен Жарылқапұлы бірлестіктің негізін қалаушы ретінде қатысып, пленарлық мәжілістің спикері болды. Өз кезегінде Нұркен Жарылқапұлы студенттерді ұлы тұлғалардың асыл мұрасын көзбен емес, жүрекпен оқуға шақырды. Сонда шын жүрекпен ұлтқа қызмет ететін нығыз патриот азаматтар шығатынына сенетінін айтты.

Сонымен қатар ақынның кітабы қазіргі оқырмаға лайықтап жаңа нұсқада жарыққа шыққанына тоқталды.

«Жүсіпбек Аймауытұлы шығармаларында тәрбиеге көп көңіл бөлген. Руханиятқа жақын болғандықтан ақынның «Жәрбиеге жетекші» кітабын қайта басып жарыққа шығардым. Әр қазақ ұлыларын ұлықтап, өзінің өзегіне оралғанда ғана ертеңгі қоғамға сай азаматтарды тәрбиелейміз деп ойлаймын. Заманымызға қарай жастарымыздың ішкі дүниесіне үйлестіріп бергенде ғана кешегі ұлы тұлғаларымыздың қадіріне жетеміз деп білемін», - деді бірлестік құрылтайшысы.

Конференция барысында «Ұстазға тағзым» ескерткішіне гүл шоғы қойылып, Ж.Аймауытұлына арналған ескерткіш тақта мен бюст-ескерткішінің салтанаты ашылуы болды.

27.10.2023
#Шымкент
НҰРКЕН АСАНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ