#Павлодар
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МҮДДЕ

Павлодар қаласындағы М.Әлімбаев атындағы мектептің 1-11 сынып ата-аналарының қатысуымен семинар-тренинг өтті.  

Тренинг барысында «Сенімен Болашақ» Павлодар облыстық филиалының психологы Жанар Теміржанқызы «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында орыс тілінде тренинг жүргізді. Буллингтың балаларға және оның ортасына аса қауіпті екенін, соңы суицидке алып баратынын айтты. Кибербуллингтің мектептегі буллингтен де аса қауіпті екендігі түсіндіріліп, үнемі балалардың әлеуметтік желісін бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.

Филиал басшысы Хызыр Жанарыс ата-аналарға «Тұлғалық даму» тақырыбы сөз сөйледі. Цифрлық қауіпсіздік, қаржылық білім, жеке тұлға мен болмысты қалыптастыру жөнінде кеңінен түсінік берді. Сонымен қатар мектеп медбикесі Ю.Л.Кузьменко ата-аналарға арнап қызылша, тұмау, вирустар туралы да айта өтті.

                                                                                     «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

22.11.2023
#Павлодар
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МҮДДЕ