#Жамбыл
«Саналы ата-ана – бақытты балалық шақ» семинары Тараз қаласында өтті

Тараз қаласында «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен, Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназияның бастамасымен «Саналы ата-ана – бақытты балалық шақ» атты  семинар өтті. Семинарға мектеп ата-аналары қатысты.

Шара барысында «Сыныпта буллинг пен кибербуллингті болдырмау мен алдын алуда ата-ананың рөлі» тақырыбында тренинг өтті. «Сенімен Болшақ» Түркістан облыстық филиалының төрайымы, психолог Ақбаян Жақыпова қатысушыларға буллинг пен кибербуллинг ұғымы, түрлері мен оның зардаптарын жан-жақты түсіндіріп берді.

«Буллинг пен кибербуллинг баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізеді. Қазіргі таңда еліміздегі кейбір жасөспірімдер осы әлімжеттіктен зардап шегеді. Сондықтан бұл өзекті мәселе жөнінде мектеп  ата-аналарына дұрыс ақпарат берудің маңызы зор», - деп атап өтті психолог.

02.02.2022
#Жамбыл
«Саналы ата-ана – бақытты балалық шақ» семинары Тараз қаласында өтті