#Жамбыл
ТАРАЗДА БАЛАЛАР АТА-АНАЛАРЫМЕН БІРГЕ ҚОЙЫЛЫМҒА КЕЛДІ

«Театр – өнердің биігі һәм адам жанының тазалығы», - деп бекер айтпаса керек. Театр – адамды тәрбиелейтін, шынайы өмірді астарлы әзіл арқылы сахна төрінде көрсете алатын жалғыз өнер. Адам жанын терең қуаттандырып, тәрбие тереңіне тағылымды ой салар өнер. Осы өнерді жастайынан көріп өскен, бойына дарыта білген бүлдіршін, мәдениет бұлағынан сусындаған бала ертеңгі күні әке мен ананы сыйлайтын, ортасына сыйлы, қоғамда бөлек болмыс иесі болары сөзсіз. Ал аталған өнерді ата-ана мен бүлдіршін бірге тамашалап жатса талғам мен тағылымның ұштасқан сәті деп білеміз.

Әке мен ананың бүлдіршіндерінің жанынан табылуы және олардың ішкі үніне құлақ асу үшін, балаларына уақыт тауып сырласу үшін әлбетте мәдени орталарда жиі бой көрсетуі маңызды. Аталған құндылықтарды ескерген «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Дәурен Бағжановтың ұсынысымен Тараз қалалық білім бөлімі және қалалық «Оқушылар сарайы» ғимараты басшылығының қолдауымен Байзақ аудандық Әл-Фараби атындағы «Шаһан» халықтық театрның қоржыңындағы тамаша туынды «Беу, қыздар-ай» атты қойылым  жас көрермендер мен ата-аналардың назарына ұсынылды.Тараз төрінде сахналанған қойылымға 250-ге жуық көрермен  келді. Кәсіби театр актерлерінің тың туындысын тамашалаған жас көрермендер ерекше таңданыстарын білдірді. Ата-анасымен бірге уақыт өткізді. Шаттыққа һәм мейірімге толы балалық шағының тағы бір мәрте куәсі болды.

Еліміз ертеден ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген. Бүгінде ел ағалары осындай игі шараны ұйымдастырып талай бүлдіршіннің көңілін жадыратқан болса, ата-аналардың алатаудай алғыстарын арқалаған жайы бар.

03.11.2023
#Жамбыл
ТАРАЗДА БАЛАЛАР АТА-АНАЛАРЫМЕН БІРГЕ ҚОЙЫЛЫМҒА КЕЛДІ