Бірлестіктің Жамбыл облыстық филиалы «Білім-Инновация» лицейі мен Жамбыл облыстық білім басқармасымен бірігіп «Білім мен тәрбие жүйесіне заманауи көзқарас» атты қала көлемінде семинар ұйымдастырды. Семинарға қалалық мектеп директорының орынбасарлары қатысты.
Шара барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының орынбасары, «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы және дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры бала тәрбиесі мен балаға беріліп жатқан заманауи тәрбиенің негізін атап өтті.
Лицей-интернаттың педагог-психолог маманы Райф Ришат «Мен кіммін?», «Сен кімсің?» тақырыбында презинтацияны қатысушылар назарына ұсынды. Семинар барысында ата-аналар комитетінің мүшелері шара қатысушыларына өз кеңестерін айтты. Семинар соңында «Айша Бибі» атындағы дарынды қыз балаларға арналған лицей-интернаты директорының қоғаммен жұмыс жөніндегі орынбасары Нұржан Егенбердиев лицей қабырғасындағы атқарылып жатқан шаралар барысымен таныстырып өтті. Семинарға қатысушылар тағылымда шараға өз ойлары бөлісіп, тәрбиенің негізін тілге тиек қылды.