#Солтүстік Қазақстан
ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАН СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ – БАСТЫ МАҚСАТЫ

Қожаберген жырау атындағы №6 мектебінде «Қожаберген жыраудың өмірбаяны мен дастандарына шолу» атты кездесу өтті.

Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Жанат Мұхамеджанов оқушыларға өңірден шыққан батырлардың, ақындардың, жазушылардың өмірбаяны мен еңбектері туралы баяндады. Балалардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті, елдің патриоты азаматы болуға шақырды.

Бірлестік сарапшысы ардагер ұстаз, қоғам қайраткері Қажымұрат Нәси оқушыларға Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанының шығу тарихы туралы баяндады. Дастанның тарихи маңыздылығы ел көлемінде ерекше аталып өтуде. Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі белес, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін саяси-тәрбиелік мәні зор оқиға. Бес жарым ғасырдан астам тарихымызда еліміздің жүріп өткен жолын, халқымыздың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» сияқты бастан кешкен небір қиынқыстау оқиғаларды, зар заманға кез болып, азаттық пен бостадық үшін күрескен, қанды шайқстарды бастан өткерген, зорлық-зомбылық пен отарлық езгіні көрген, туған жерді қорғаудың жолында жанын пида қылған ата-бабаларымыздың ерлігін жеткізген бұл ұлы дастан мәңгілік естен шықпас тарих шығармасы екендігін баяндады.

  

01.10.2023
#Солтүстік Қазақстан
ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАН СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ – БАСТЫ МАҚСАТЫ