Петропавл қаласындағы «Ивушка» балабақшасында «Бақытты отбасы – бақытты бала» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.
Филилал басшысы Жанат Мұхамеджанов «Сенімен Болашақ» «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің мақсатымен таныстырып, ұйымның он тақырыптық бағытта жұмыс жүргізіп жатқаны туралы айтты.
«Әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, Қазақстан ажырасу бойынша әлемде екінші орында тұр. Жетімі мен жесірін жылапаған қазақ қоғамы үшін бұл жат қылық екенін түсініуміз қажет, осы орайда ер адамардың жауапкершілігін де арттыруымыз қажет», - деді өз сөзінде Жанат Мұхамеджанов.
Шара соңында филиал психологы Жазира Баукенова ажырасу себептерін болдырмауға және жартыжылда бір кәсіби психологтардан кеңес алу қажеттігі туралы кеңес берді, ата-аналар жақсы кері байланыс орнатып, өз сауалдарын қойды.