#Солтүстік Қазақстан
ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ ПЕН БӘСТІГУДІҢ АЛДЫН АЛУ

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданы Донецкое және Теңдік ауылы орта мектептерінде «Ойынқұмарлық пен бәстігудің алдын алу» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізді.

Филилал басшысы Жанат Мұхамеджанов «Сенімен Болашақ» РҚБ мақсатымен таныстырып, он тақырыптық бағытта жұмыс жүргізіп жатқанымыз туралы ақпарат берді. Жақында өткен «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты әкелер форумы туралы да баяндап өтті.

Бүгінгі таңда әлем халықтарының тең жартысы әлеуметтік желілердің қолданушысы. Олардың дені жасөспірімдер мен жастар болып табылады. Ғаламтордың пайдалы және қауіпті жағы бар екендігі баршаға белгілі. Ұялы телефонға күні бойы телміріп отыратын жастар мен жасөспірімдер  артып келеді. Психолог Жазира Алтайқызы не себептен адамдар тәуелділікке ұшырайтыны туралы қысқаша ақпарат беріп  кетті. Кездесу соңында ата-аналар кері байланыс орнатып, өз сауалдарын қойды.

                                                                                  «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

30.11.2023
#Солтүстік Қазақстан
ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ ПЕН БӘСТІГУДІҢ АЛДЫН АЛУ