#Солтүстік Қазақстан
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛА

Петропавл қаласында «Малыш» балабақшасында  «Бақытты отбасы – бақытты бала»  тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.                               

Филилал басшысы Жанат Мұхамеджанов «Сенімен Болашақ» РҚБ СҚО филиалының мақсатымен таныстырып, он тақырыптық бағытта жұмыс жүргізіп жатқанымыз туралы ақпарат берді. Отбасындағы құндылықтарды, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрметін, сыйластығын, мейрімділігін сақтап қалуы маңызды. Осы аталған мәселелерді отбасында қалай сақтап, бақытты отбасы атануға болады деген сұраққа жауап бере отырып талқыланды, отбасындағы қиындықтарды қалай шешуге болатындығы туралы кеңес берілді. Отбасындағы әр адамның рөлі  маңызды екені айтылды.                                                                        

Шара соңында филиал психологы Жазира Баукенова ажырасу себептерін болдырмауға және жарты жылда бір кәсіби психологтардан кеңес алу қажеттігі туралы кеңес берді, ата-аналар жақсы кері байланыс орнатып, өз сауалдарын қойды.

26.11.2023
#Солтүстік Қазақстан
БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БАЛА