#Солтүстік Қазақстан
АҒА БУЫН МЕН ЖАС ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

Петропавл қаласында «Жас ұрпақпен идеологиялық-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдістері»  атты ақсақалдар алқасымен дөңгелек үстел өтті.                 

Кездесу барасында қазіргі аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастық талқыланды. Облыстық ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Анатольий Карабельников ақсақалдар кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп берді. 

«Қазақстан халық» партиясы СҚО филиалының басшысы Е.Жұмағұлов аға буын мен жастар арасында байланыс үзілгендігін айтып, бірлесе іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Облыстық және қалалық білім мекемелерінің өкілдері біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы баяндады. Осы орайда филиал басшысы Жанат Мұхамеджанов «Сенімен Болашақ» РҚБ СҚО филиалының мақсатымен таныстырып, он тақырыптық бағытта жұмыс жүргізіп жатқанымыз туралы ақпарат берді.

26.11.2023
#Солтүстік Қазақстан
АҒА БУЫН МЕН ЖАС ҰРПАҚ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ