#Солтүстік Қазақстан
СТОП БУЛЛИНГ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының психологы Жазира Баукенова  №23 орта мектебінде  «Стоп буллинг»  тақырыбында оқушылармен релаксация элементтерімен семинар-тренинг өткізді.

Жазира Алтайқызы оқушыларға буллинг және кибербуллинг дегеніміз не, оның интернетте әлеуметтік желі арқылы жасалуы мен кейінгі салдары туралы баяндап берді. Кей жағдайда буллингтің арты суицидке әкелетіндігін де атап өтті.

Сонымен қатар семинар барысында оқушыларға бала құқықтары жайлы кең мәлімет берілді. Кез келген зорлық-зомбылықтан балалардың құқықтары заңмен қорғалатындығы айтылды, тақырыпқа сай презентация көрсетілді. Ситуативті тапсырмалар, оқушылармен релаксация элементтерімен тренингтер өткізілді. «Стоп буллинг»  тақырыбында шағын видео көрсетіліп соны оқушылармен талқылады.

                                                                                «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

13.11.2023
#Солтүстік Қазақстан
СТОП БУЛЛИНГ