#Солтүстік Қазақстан
ПЕТРОПАВЛДА ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Петропавл қаласында «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты облыстық әкелер форумы өтті.

Іс-шараны «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды.

Бірлестіктің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жиынның мақсаты – қоғамда ата-ана мәдениетін қалыптастыру, әкенің беделі мен белсенділігін арттыру, бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы, білімі, денсаулығы, қауіпсіздігі т.б. өзекті мәселелерді талқылау.

Форумның пленарлық отырысына «Сенімен Болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов, облыстық білім басқармасының басшысы Назір Жәшібеков, Петропавл қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы Жангелді Тәжин, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің психологиялық қызметінің жетекшісі Павел Моисеев, Әкелер одағының облыстық филиалының төрағасы  Евгений Максимов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының моральдық-психологиялық қамтамасыз ету циклінің бастығы, полковник Архат Тәттімбетов қатысып, сөз сөйледі. Сонымен бірге белсенді әкелер, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстық білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелері, психологтар мен педагогтар, заңгерлер, БАҚ өкілдері болды.

Іс-шараның екінші бөлімінде әкелерге семинар-тренинг өткізілді. Онда «Баланың өміріндегі - әке: оның рөлі мен әсері» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде екі секцияға бөлініп, облыстағы білікті психолог мамандар білімдерімен бөлісті.

13.11.2023
#Солтүстік Қазақстан
ПЕТРОПАВЛДА ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ