#Қарағанды
ЖАМАН ӘДЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

М.Мамыраев атындағы мектептің арнайы ұсынысымен  «Сенімен Болашақ» Қарағанды филианың қызметкерлері ата-аналарға арналған кездесу-тренинг өткізді. Кездесу барысында қоғамда балалар мен жасөспірімдерге қатысты орын алып жатқан түрлі мәселелер, кибербуллинг пен лудомания, нашақорлық пен суицидтің алдын алу тақырыбында сұхбат өрбіді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында таралған вкйп, электронды шылым туралы түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында ата-аналарға жасөспірім балаларын қадағалауға, бос уақыттарын тиімді өткізулеріне үлес қосуға, қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы теріс әрекеттерден сақтауға кеңес берілді.

23.11.2023
#Қарағанды
ЖАМАН ӘДЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ