Қарағанды облысы Теміртау қаласы Қыздар гимназиясының шақыртуымен бірлестік филиалы «Ұрпақ тәрбиесі – ортақ міндет» атты ата-аналарға арналған кездесу-тренинг өткізді.
Кездесу барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының өкілдері қазіргі қоғамда орын алып отырған балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, өзекті мәселелер, олардың себептері туралы кеңінен тарқатып айтты. Сондай-ақ, бірнеше фактілерді мысалға келтіре отырып, ата-аналарды баланың жеке уақытын дұрыс ұйымдастырып, тәртіп бұзушылыққа жол бермеу, қауіпті ортадан балаларды сақтандыру, баламен дос болу, зиянды әрекеттердің алдын алу, электронды шылым қолданудың зияны т.б. балаға қауіп өндіретін себептермен күресу бойынша кеңестер берді.
Филиал басшысы Индира Жанұзаққызы жаhандану заманының ата-ана моделін бірлестіктің бағыттарымен ұштастырып, бүгінгі балаға эмпатия мен риясыз сүйіспеншілік керек деді. Бірлестікті таныстырып, құрылуы және идея авторы Нұркен Жарылқапұлымен және әлеуметтік желілерегі парақшалармен таныстырды. Психолог Дидар Какенова бала тәрбиесіндегі ата-аналардың отбасылық өмірге саналы көзқарастарының маңызы, ұлттық құндылықтардың баланың психологиялық саулығы мен таным көкжиегін дамытудағы рөлін талдап, отбасындағы ата-аналардың қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі әлсіздіктерінің себептері мен оны жоюдың жолдарын ұсынды. Ұялы телефонға тәуелділік пен басқа да зиянды әрекеттердің бала психикасына кері әсері талданды. Аға буынмен тәжірибе алмасу, үздік үлгілерді насихаттау мақсатында қатысушылармен дискуссия құрылды.
«Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі