Қарағандыдағы Бөкетов атындағы университетінің Педагогика факультетінде жоғары оқу орындары студенттерінің медициналық-құқықтық сауаттылығын қалыптастыру елдің кадрлық ресурсының сапасын арттыру факторы ретінде «Инклюзивті және арнайы білім беру ресурстық орталығы мысалында» ғылыми жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.
Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы ұйымдастырған шараға университет факультеттерінің педагогтары мен студенттері, көпсалалы колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар білікті психологтар мен репродуктолог-дәрігерлердің пайдалы кеңестерін алды.
Өз кезегінде «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білетіндігі әлеуметтік желідегі ақпарат немесе жаңалық сипатында ғана екенін айтты. «Мұндай тақырыптарда жастар ақпаратты өз бетімен іздеуге мәжбүр. Олар көбінесе ақпарат көзін дұрыс таңдамайды немесе шынайы емес ақпаратқа кезігеді. Сол себептен жастар мен жасөспірімдерге шынайы ақпарат беру қажет», - деді.