Бірлестіктің Батыс Қазақстан облыстық филиалы №44 мектеп-гимназиясының 9-10 сыныптың ұл балаларына арналған «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырды. Ашық алаңға филиалдың Сарапшылар кеңесінің мүшесі Жантас Сафуллиннің қатысты.
Филиал сарапшысы Жантас Набиоллаұлы ұлдардың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық, елжандық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тағылымды ашық әңгіме жүргізді.
Кездесуде спикер әке мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынас, өмірге шыңдалуға негіз болған әкенің тәрбиесі туралы жеке мысалдары арқылы оқушыларда қызығушылық тудырып, жақсы ойларға түрткі жасады. Тағылымды әңгіменің әсерінен кездесу соңында жасөспірімдердің өзіне деген сенімі артып, жүздерінен жалын байқалды. Осындай кездесулер көбірек ұйымдастырылса, саналы, еліне адал қызмет ететін, ұлттық құндылықпен қаныққан ұрпақ тәрбиелейтініміз сөзсіз.