Қоғамдағы қыз баланы тәрбиелеудегі ананың үлгісін, мәдениетін арттыру, жауапкершілігін ұғындыру, отбасында бақытты ұрпақтың өсуіне ықпал ету мақсатында Батыс Қазақстан облысындағы Подстепной ауылындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясында мектепішілік аналар форумы өтті. Мектеп ұжымның ұйымдастыруымен «Ана тәрбиесі – қыз балаға үлгі.. » тақырыбында мектепішілік аналар форумына бірлестіктің өңірлік филиалының қызметкерлері спикерлер ретінде шақырылды.
Форум аясында филиал қызметкерлері қыз бала тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік білім беру, ұлттық құндылықтар туралы және жыныстық тәрбие туралы айта отырып, ой оятты. Ана – отбасы қазығы екендігін және отбасындағы барлық жағымды ахуал тудыратын ананың рөлінің зор екендігін түсіндірілді. «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің мақсат-міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы ақпарат берді.