#Батыс Қазақстан облысы
ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ

Бүгін «Сенімен Болашақ» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиал қызметкерлері Орал қаласындағы №1 орта мектебінің 10-11 сынып қыз балаларымен «Қыз өссе – елдің көркі» тақырыбында тағылымды әңгіме жүргізді. Мақсаты – қыз балаларға қоршаған ортада үйлесімді қарым-қатынас орнатуда әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, мінез-құлық маңызын түсіндіру.

Кездесу алдында мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Мақсотқызы мектептің жетістіктерін, жұмыс бағытымен таныстырды. Филиалының қызметкерлері қыз балалардың жас ерекшелгін ескере отырып, әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, мінез-құлық туралы әңгімеге тоқталды. Мәні мен мағынасы зор тағылымды кездесу болды. Мектеп әкімшілігі бірлестік жұмысына ризашылығын білдіре отырып, келесі кездесуді жоспарлауды ұсынды.

30.11.2023
#Батыс Қазақстан облысы
ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ