Ақсу қаласындағы Абай атындағы мектепте «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде профилактикалық түсіндірме» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренингке 1-11 сынып ата-аналары қатысты.
Іс-шара басында мектеп психологы Д.Искакова жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау тақырыбында тернинг жүргізіп бастап берді. Әрі қарай сөзді Ақсу қаласы емханасының педиатр дәрігері А.В.Елемесова салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қызылша, екпе егу, тазалықты сақтау, тұмаудың алдын алу жөнінде сөз сөйлеп жалғастырды.
Филиал басшысы Хызыр Жанарыс «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жөнінде профилактикалық түсіндірме» тақырыбында сөз қозғады. Қазігі таңдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы атап өтті. Эмоционалды, физикалық, экономикалық және т.б. зорлық-зомбылықтың түрлерін түсіндірді. «Зорлық-зомбылықтың қай түрі болса да қоғамға қауіпті. Ата-аналар балаларды тәрбиелеу барысында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жиі-жиі жасап тұру қажет», - деді өз сөзінде филиал басшысы.