#Жамбыл
КЕМЕЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ

22 қаңтар күні Тараз қаласында «Кемел ұрпақ тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі» атты семинар өтті.  Шараны облыстық білім басқармасы және қалалық білім бөлімінің қолдауымен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырды.

Офлайн және онлайн фарматта өткен семинарға екі жүз елуден астам адам қатысты. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мен насихаттау мақсатын көздеген жиында жалпы білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен белсенді ата-аналар еркін ой бөлісіп, пікір алмасты. 

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының басшысы  Мақсат Тауыпалдыұлы семинардың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Басқосуда Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің  бас маманы Мұхтар Амангелдіұлы,  қалалық білім бөлімінің бас маманы Қайрат Исаұлы, қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы Ғалия Орынбайқызы қатысып, қатысушылардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын және мектеп пен отбасы ынтымағын арттыру мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, шара барысында тәрбие беруде психологиялық және педогогикалық тұрғыда кең ақпарат берілді. Бала тәрбиесіндегі эксперт-маман Елжас Ертайұлы қатысушыларға семинар-тренинг өткізді.

22.01.2022
#Жамбыл
КЕМЕЛ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ