#Алматы
ЖАС КҮНДЕ КӨРГЕН ӨНЕГЕ - ӨМІРЛІК АЗЫҚ

М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен. Кейбір ата-ананың «бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрі түсінеді», - деп қарауы – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр күн,  әр сағат сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты процесс. Сондықтан бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік болған. №19 мектепте өткен семинар-тренингте осы мәселе турасында толығырақ айтылды. Қазақ және орыс тілінде өткен жиында ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, ұстаздарымен бірлесе, ынтымақтаса әрекет ету әдіс-тәсілдері  жайы көрсетілді, талқыланды. Кері байланыс кезінде ойларын айтқан ата-аналар барлығы баламен әңгімелесуде, пікірлесуде жатқанын жеткізді. ұтымды жұмыс істеп жатқан осындай бірлестіктің  барына разы болған ата-аналар бала қандай жағдайға түссе де оны ашық әңгімеге тарту – кесе көлденең келген проблеманың алдын ала деген түйінмен тарқасты.

30.03.2023
#Алматы
ЖАС КҮНДЕ КӨРГЕН ӨНЕГЕ - ӨМІРЛІК АЗЫҚ