#Алматы
САНАЛЫ АТА-АНА - БАҚЫТТЫ БАЛА

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, кішіпейіл азамат болып өскенін қалайды. Осы бағытта ата-ананы педагогикалық-психологиялық біліммен қаруландыруды қолға алған Алматы қалалық филиал өкілдері Наурызбай ауданындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасының балаларына арналған 15 санаториялық мектеп-интернатында кезекті семинар-тренингін өткізді. Бала тәрбиесі - ата ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршаға мәлім. Осы орайда ата аналарға бірнеше кеңестер беріліп, пікір алмасып, сұрақтарына жауап беріп қайтты. Ата-аналар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, осындай кездесулер жиі болса екен деген ұсыныстарын айтып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

28.04.2023
#Алматы
САНАЛЫ АТА-АНА - БАҚЫТТЫ БАЛА