#Алматы
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

Құндылықтар алмасқан дәуірде көркем әдебиет оқудың адамға пайдасы  бар ма?

Бар болса қандай ?

Қазақстан Жазушылар кітапханасы  ұйымдастырған талқылауда жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасынан басталған  пікірсайыс  осындай ойларға жетеледі. Ұрпақ алмасқан алмағайып заманда бүгінгі оқырманды не қызықтыруы мүмкін деген сауал төңірегінде ойларын айтқан жастар көркем әдебиеттен бәрібір алыстамаған екен.

Шынымен де көркем шығарманы оқыған жанның  танымдық қабілеті артады,  өз бетінше шешім іздеуге итермелейді деген тұщымды ойлар айтты.

Әдебиеттің сөз өнері ғана емес, парасат пен нәзік сезімталдыққа бастар жол екенін ұғынған жастардан болашақта саналы ата-ана шығады деген сенім ұялады.

Кітапқа құмар қалалардың көшін  бастайтын Алматы жастарына сүйсініп қайттым. 

Алматы – қанша ұрпақ алмасса да  әдебиет пен мәдениеттің орталығы саналатын медиақала.

                                                                                        «Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі

 

23.11.2023
#Алматы
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ