#Алматы
КӨЗІҢДІ АШ, ОЯН ҚАЗАҚ, КӨТЕР БАСТЫ!

Үлкен экранға шыққан «Міржақып. Оян, қазақ» фильмін  халық  зор қызығушылықпен көрді. Бейсаналы түрде «Оян, қазақ!» деп үш жылдан бері  ой оятып жүрген  «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі де осы рухани мезетке атсалысты.

Кинотеатрға барып, билет алған көрермендер арасында анкета ұйымдастырып, бірлестік шығарған Міржақып Дулатовтың  «Оян, қазақ» кітабын сыйға тартты. Ондағы мақсат –  алаш азаматының  тұлғасын одан әрі дәріптеп, еңбегін насихаттау. Іс-шараға ересектерден гөрі жастар ерекше атсалысты. Біреулері сұраққа іркіліссіз жауап берсе, кей жастар  ұмытса да естеріне түсіріп, дұрыс жауап беруге тырысты.  Баршасы да осындай акция ұйымдастырған бірлестік өкілдеріне  алғыстарын айтты. Бұл  кітап 1909 жылғы шыққан  алғашқы нұсқамен сәйкестендіріп шығарылғанын айтқанымызда, тіпті қызыға түсті. Сол жерде  бірден бірлестіктің инстаграм парақшасына тіркеліп, жазылушы болған көрермендерге де кітап  тарту етілді.

06.10.2023
#Алматы
КӨЗІҢДІ АШ, ОЯН ҚАЗАҚ, КӨТЕР БАСТЫ!