#Алматы
Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты КМҚК «№187 бөбекжай-балабақшасының» ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ» атты ақпараттық мағыналы кездесу өтті.

Бұл іс-шараға  қоғамдық ұйым өкілдері, ата-аналар, тәрбиешілер, жастар қатысты. Шараны балабақша меңгерушісі Омарбекова Фарида Қызырханқызы жылы лебізімен ашып, бүгінгі қоғам үшін дені сау, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің басты міндет екенін атап өтті.

Жиынға Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы Алжикеева Амангүл Ильясқызы, Алматы қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың басшысы Наталья Викторовна Карасёва, №3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы басшысы Индира Болатқызы Абенова қатысып, салаларына қатысты қажетті ақпараттармен бөлісті.  

Жиынның басты спикері болған   «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы жетекшісі Меруерт Мәулетқызы «Сенімді болашақ – себеп СІЗ» тақырыбында баяндама жасады. Меруерт Мәулетқызы отбасылық құндылықтардағы өзекті мәселелерді негізге ала отырып, бірнеше мәселелерге нақты мысалдар келтіре сөйледі.

Балабақшаның педагог-психологы Жазира Акимбаева маңызды тақырып төңірегінде айтылған тұжырымды ойларға назар аудартты. Кездесу соңында ата-аналар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

16.09.2025
#Алматы
Дені сау ұрпақ  - ұлт болашағы