Павлодар қаласының Адами даму институтында қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-тренинг өтті.
Ата-ана бола білу аса жауапты іс. Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, оның бойындағы қабілетін дамыту – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Сондықтан әр ата-ана балаға тәрбие берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін ескерген жөн. Осы жөнінде ой айтылып, пікір қозғалған бірлестіктің филиал басшысы Хызыр Жанарыс қатысушыларға «Отбасылық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбында сөз сөйледі. Отбасындағы басты құндылықтар талданып, отбасындағы ата-ана рөлі мен маңызы ашық түсіндірілді.
Іс-шараға Адами даму институтының директоры да қатысып, тәрбие туралы ойларын ортаға салды.