#Павлодар
ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР, АНАҒА ҚАРАП ҚЫЗ ӨСЕР

Павлодар қаласына қарасты Ертіс ауданының №2 орта мектебінде семинар тренинг өтті. Семинарға 1-11 - сынып аралығында оқитын оқушылардың ата-аналары қатысты.  

Іс-шара барысында отбасы құндылықтары туралы сөз қозғалды. Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс отбасындағы басты он құндылық туралы айтылып, түсіндіріп берді. Бала тәрбиесінде ата-ана рөлінің маңызына да тоқталып өтті. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» демекші жанұядағы әке мен ананың өзіндік орны бар. Ер бала әке бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бала әкесінен ақылды, жігерлі, қайратты, сабырлы, болуды үйренеді. Сәбиіне жарық өмір сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт беріп аялаған аяулы анадан қыз бала мейірімділік, төзімділік, сабырлылық, инабаттылық секілді асыл қасиеттерді үйренеді. Филиал жанашыры Хожа Дайын тәрбиеге қатысты өз ойын ортаға салды.

Семинар соңында мектеп директоры бірлестікті жұмысына алғысын білдіре отырып, ата-ана мен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың балаға әсері жөнінде сөз қозғады. 

01.11.2023
#Павлодар
ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР, АНАҒА ҚАРАП ҚЫЗ ӨСЕР