Қостанай ауданындағы Алтынсарин мектебінің 5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына семинар өтті.
Ата-аналармен кездесуде «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қостанай облыстық филиалының басшысы Гүлжан Жақсылыққызы тәрбие ережелері негізінде жастардың санасына ұлттық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, ата-бабаларымыздың мұрасын сіңіре білу қажеттігі жөнінде сөз қозғап, ата-аналарға ой салды.
Бірлестік психологы Базаркүл Қапарқызы қатысушыларға «Баланың даму ерекшеліктері» тақырыбында түсінік берді. Психологтың айтуынша, бүгінгі заман балалары еркін ойлы тәуелсіз ұрпақтар. Олар бізден гөрі еркін, бостандық сүйгіш, қасаң қағида, ережелер мен тыйымдарға бағынғысы келмейді. Сондықтан жаңа заман балаларына жаңаша тәсіл керек. Ол үшін ата-ана тәрбие бағытында білімін жетілдіруі маңызды.