«Сенімен Болашақ» РҚБ Қостанай облыстық филиалы Қостанай ауданы Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларына семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында филиал психологы Базаркүл Қапарқызы балаларға «Күш көрсетпеңіз, сіз зорлық-зомбылықтан күштісіз!» тақырыбын қозғап, толғандыратын сұрақтарына жауап берді.
Мақсат – оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін жайлы сезініп, берік байланыс орнату мақсатында шеңбер құрып отырды. Базаркүл Қапарқызы оқушыларға екі негізгі психологиялық жаттығу жасатып, ашық диалог орнатты.
«Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі