#Қостанай
БАЛАМЕН СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ

Қазіргі ұрпақ тәрбиесінде ата-ана үшін өзара сыйластыққа негізделген баламен сенімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына дұрыс жол сілтеу үшін ата-ана өзі саналы әрі сауатты болу керек. Мұндай ата-ана баласының қажеттіліктерін, қызығушылығы мен тілегін тез ұғады. Осындай отбасыда балалар мен ата-анасы бір-біріне мүлтіксіз сенеді, шешімдерді бірлесіп қабылдайды. Осы өзекті мәселені талқылап, шешімін табу мақсатында бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы Арқалық қаласының  Кейкі батыр атындағы №4 мектепте ата-аналарға семинар өткізді.

«Өзіңді тап – өзегіне орал» деп аталатын іс-шарада бірлестіктің  ұстанған бағыты айтылып, мақсат-міндеті таныстырылды. Семинар барысында бірлестіктің филиал басшысы Гүлжан Жақсылыққызы ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі тақырыбында түсінік берді. Отбасында балаға қойылатын талаптар жүйесі баланың жасына және оның ерекшеліктеріне негізделу қажеттігін айтты.

Филиал психологы Базаркүл Қапарқызы ата-аналарға балалардың алты жасынан бастап он сегіз жасқа дейінгі ерекшеліктері мен психикалық өзгерістері туралы кезең-кезеңмен түсіндірді.

 Ата-аналар сұрақтарын қойып, оң пікірлерін білдіріп, бірлестік жұмысына сәттілік тіледі.

13.10.2023
#Қостанай
БАЛАМЕН СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ